layout
Бір досың керек екен - Aliya Abiken
Трек

Aliya Abiken - Бір досың керек екен

Текст песни 
Текст песни: Жабығып қалғанымда,
Таусылып талғамымда,
Арылып ауыр мұңнаң
Бір сәтке алдануға.

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасысам сынға алатын,
Жапанда жаяу қалсам ,
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досым керек екен.

Жалғыздық батқанында,
Атпай бір ақ таңымда,
Көңілім тұманданып,
Құлазып жатқанында,

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасысам сынға алатын,
Жапанда жаяу қалсам,
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досым керек екен.

Шаттығым кернегенде,
Елге дес бермегенде,
Шарықтап сөйлегенде,
Қолыңды сермегенде.

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасысам сынға алатын,
Жапанда жаяу қалсам,
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досым керек екен.
Достарың керек екен
Слушать
Скачать mp3
362

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover