
Текст песни
Текст песни: Бала махаббат
Алғаш сүйіп үйренген бала ғашық,
Басқа істен өз басын ала қашып
Күн батқанда асығып кездесуге
Келдім, далаға шық
Пәк сезімді өзіңнен білдім дедім,
Саған жинап берген ем қыр гүлдерін
Сенетінмін үйіме келін болып
Жарым болып келер деп бір күн менің
Қ/сы:
Бал сезімге батыратын
Арай таңды атыратын
Қолын бұлғап шақыратын
Бала махаббат
Бірін бірі жылатпайтын
Жалғандықты ұнатпайтын
Бала махаббат
Қолдан ұстап жетелеген
Бір біріне еркелеген
Басқасына ерте деген
Тәтті махаббат
Шын ғашық боп қосылмадық
Бөлек кеттік сосын барып
Әттең махаббат
Тәтті ең махаббат!
Есіміңді жазып,шет жағына партаның, дәптердің,
Оралмасын білмей сол бір жанға жайлы сәттердің
Ұнаттым деп талай хат бердім
Сен ұнатқан айтшы, әттең кім
Талай жылдар өтіп кетті ғой
Келінісің қазір жат жердің.
Алғаш сүйіп үйренген бала ғашық,
Басқа істен өз басын ала қашып
Күн батқанда асығып кездесуге
Келдім, далаға шық
Пәк сезімді өзіңнен білдім дедім,
Саған жинап берген ем қыр гүлдерін
Сенетінмін үйіме келін болып
Жарым болып келер деп бір күн менің
Қ/сы:
Бал сезімге батыратын
Арай таңды атыратын
Қолын бұлғап шақыратын
Бала махаббат
Бірін бірі жылатпайтын
Жалғандықты ұнатпайтын
Бала махаббат
Қолдан ұстап жетелеген
Бір біріне еркелеген
Басқасына ерте деген
Тәтті махаббат
Шын ғашық боп қосылмадық
Бөлек кеттік сосын барып
Әттең махаббат
Тәтті ең махаббат!
Есіміңді жазып,шет жағына партаның, дәптердің,
Оралмасын білмей сол бір жанға жайлы сәттердің
Ұнаттым деп талай хат бердім
Сен ұнатқан айтшы, әттең кім
Талай жылдар өтіп кетті ғой
Келінісің қазір жат жердің.
Комментарии
Комментариев пока нет