layout
Мирас Жугунусов - Sagyndyn ba
Слушать
20
Трек

Sagyndyn ba

Текст песни 
Текст песни: Мен отырмын сол баяғы үйімде,
Сол баяғы саған ғашық күйімде.
Бұл күйімнен шығара алмай түйін де.
Біз екеуміз не себепті қоштастық?
Қоштасатын болсақ неге достастық?
Қосты ма екен екеумізді бос жастық?

Мезгілсіз,
Келіп алған қоңыр күздей,
Келді уайым мені іздей,
Дым дегізбей.
Белгісіз,
Жүр ме екенсің үміт үзбей,
Ғашық таппай екеуміздей,
Дәл біздей.

Сағындың ба?
Бір хабарын бер.
Жаурасаң егер,
Жаныма кел,
Алыста жүрмей бекер.
Сағындың ба?
Созбай мұңымды,
Айтшы шыныңды,
Жүрегіңде,
Сезім бар ма бұрыңғы?

Көп ойландым, бұл сұраққа келіп мен,
Қосылмасақ - кездестік біз неліктен?
Ойын ба еді, бұл жай ғана еріккен?
Кету үшін келсек неге сырластық?
Күні-түні не себепті мұңдастық,
Қосты ма екен екеумізді құр жастық?

Мезгілсіз,
Келіп алған қоңыр күздей,
Келді уайым мені іздей,
Дым дегізбей.
Белгісіз,
Жүр ме екенсің үміт үзбей,
Ғашық таппай екеуміздей,
Дәл біздей.

Сағындың ба?
Бір хабарын бер.
Жаурасаң егер,
Жаныма кел,
Алыста жүрмей бекер.
Сағындың ба?
Созбай мұңымды,
Айтшы шыныңды,
Жүрегіңде,
Сезім бар ма бұрыңғы?

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover