layout
Қарағым-ай - Нурлан Онербаев
Трек

Нурлан Онербаев - Қарағым-ай

Текст песни 
Текст песни: Өлеңін жазған –ШСариев

Әнін жазған-К Дүйсекеев



Қарағым- ай,сұлулық осындай болады екен,

Бір басқа армансыз қонады екен,

Адамдар өмірге қонақ екен,

Шынымен бұл дүние шолақ екен



Қарағым- ай, еліктер осылай жосады екен

Жолыңнан сені кім тосады екен?

Бұл көңіл неліктен босады екен,

Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?



Қайырмасы:

Қарағым- ай,қиылып үзіліп қарадың-ай,

Қараған қандай сұлу жанарың-ай,



Қарағым- ай,бұл өмір осылай өтеді екен,

Сүймесе дүние бекер екен,

Парақтап жинасаң бар гұмырың,

Бір сүйген күніңе жете ме екен?



Қайырмасы:

Қарағым- ай,қиылып үзіліп қарадың-ай,

Қараған қандай сұлу жанарың-ай,
Слушать
Скачать mp3
18

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover