layout
Пайда - Төреғали Төреәлі
Трек

Төреғали Төреәлі - Пайда

Текст песни 
Текст песни: Бастық адамды әкім қалайды, Сазгер адамды ақын қалайды. Біреуге сенің септігің тисін, Себепсіз ешкім жақындамайды. Қарасаң ағаң, көкең де дара, Бермейсің олай бөтенге баға. Адаммен адам араласады, Қажеттілігін өтеуге ғана. Қымбат достықты қалаған бұрын Тіршілік деп жүр әр адам бүгін. Алыс адамдар жақындап жатса, Пайдаларына жарағандығың. Бақытқа қарай бастағандарды Басқаға байлап тастаған мәңгі. Жаманның бағын Жаратқан ашар, Себепкер қылып жақсы адамдарды. Сараңға сынақ төтеннен ерсе, Көпшілікпенен көтерген еңсе. Адал досыңмен бір атқа мінгес, Есегі судан өтем дегенше. Сырласа бермей санаңмен ғана, Ақылдасып қой далаңмен дана. Пендеден пенде айнығанменен, Адамның күні адаммен ғана!
Слушать
Скачать mp3
120

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover