layout
Kairat Nurtas - Жаздың кеші (2017)
Слушать
1.5K
Трек

Жаздың кеші (2017)

Kairat Nurtas
Исполнители:
Kairat Nurtas
Текст песни 
Текст песни: 1.Күзде күрсініп жатқандай дала
Қыста қымтанып түрге енер жаңа
Көктем су толы сай менен сала
Жазда қырды асып ойнайды бала

Қ-сы
Соныңмен ұнайсың маған
Төгілген күн айсың маған
Аққу мен қаздың көші
Қарауға мəжбүрлеші
Нұрыңды төк жаздың кеші

2.Күзде сағыныш сап-сары бояу
Қыста елеңдеп ел жұртым ояу
Көктем келетін шағым таяу
Жазда сүйгенім қасымда жаяу

Қ-сы
Соныңмен ұнайсың маған
Төгілген күн айсың маған
Аққу мен қаздың көші
Қарауға мəжбүрлеші
Нұрыңды төк жаздың кеші

3.Күзде көрініп айналам солғын
Қыста қаһарлы қаңтарға тоңдым
Көктем тасыдым толқыдым толдым
Жазда достармен жағасы көлдің

Қ-сы
Соныңмен ұнайсың маған
Төгілген күн айсың маған
Аққу мен қаздың көші
Қарауға мəжбүрлеші
Нұрыңды төк жаздың кеші

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover