layout
Оян қазақ - Елбол Қуанбек
Трек

Елбол Қуанбек - Оян қазақ

Текст песни 
Текст песни: Оян қазақ



Оян қазақ, тұр қазақ, жатпа қазақ,

Тұғырыңа қона біл атқа қазақ

"Ел бүгіншіл менікі ертең үшін"

Тарихыңды айта біл жатқа қазақ



Қайырмасы

Көкбөрісің сен қолға бағынбайтын

Кезің келді алаулап жалындайтын

"Күннен туған баламын, өзім отпын"

Сақ баласы қамал ғой алынбайтын



Ақыл қайрат жүректі теңдей ұста

Соға берме басыңды тау мен тасқа

Күн сөнгенше сөнбейтін арда қазақ

Болашақтың тізгіні сендей жаста



Қайырмасы

Көкбөрісің сен қолға бағынбайтын

Кезің келді алаулап жалындайтын

"Күннен туған баламын, өзім отпын"

Сақ баласы қамал ғой алынбайтын



Күлдір күлдір шабамын күреңімде

Күмбір күмір күй ойнар жүрегімде

"Әр қазағым, жалғызым" жан бауырым

Амандығың алашым тілегімде
Слушать
Скачать mp3
11

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover