layout
Сен үшін жаралғандаймын - Мейрамбек Бесбаев
Трек

Мейрамбек Бесбаев - Сен үшін жаралғандаймын

Текст песни 
Текст песни: Жете алмай саған тіл қатып,

Жүректің мұңын тыңдатып.

Сағыныш болып кеудемді,

Таба алмай емін бұл уақыт.

Өртенген сезім бойында,

Қанымды қызу тулатып.

Жаныңнан бір сәт табылсам,

Мен үшін сол да бір бақыт.



Жанымды тербеп балдай мұң,

Әнімді саған арнаймын.

Жалт еткен жарық жалғанда,

Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,

Іздеуден сені талмаймын.

Мөлт еткен мөлдір ғаламда,

Сен үшін жаралғандаймын,

Сен үшін жаралғандаймын.



Теңіздей тулап тамырым,

Таусылды төзім, сабырым.

Жанымды менің шөлдетпей,

Нұрыңды төкші жарығым.

Жабырқап жүрген көңілді,

Жазатын сенсің дәруім.

Сүюмен өтсем өмірде,

Арманым бар ма аруым?!



Жанымды тербеп балдай мұң,

Әнімді саған арнаймын.

Жалт еткен жарық жалғанда,

Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,

Іздеуден сені талмаймын.

Мөлт еткен мөлдір ғаламда,

Сен үшін жаралғандаймын,

Сен үшін жаралғандаймын.



Сырғумен өтер сағым жыл,

Оралмас қайта шағың бұл.

Жылуын аңсап сезімнің,

Жаураған менің жаным жүр.

Еліктей сұлу бейнеңмен,

Еріксіз мені бағындыр.

Сарғайтып менің жанымды,

Сағындыр сәулем сағындыр.



Жанымды тербеп балдай мұң,

Әнімді саған арнаймын.

Жалт еткен жарық жалғанда,

Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,

Іздеуден сені талмаймын.

Мөлт еткен мөлдір ғаламда,

Сен үшін жаралғандаймын,

Сен үшін жаралғандаймын.
Слушать
Скачать mp3
454

Комментарии

Аноним 06.04.2023 20:07
Скачат етіп алам сүнніңдерма
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover