
Текст песни
Текст песни: Сен менің бүгін тағы түсіме ендің,
Беймаза бұл хәлiмдi түсінер кім?
Жаныма жақұп, нұрлы сәуле шашып,
Көзіңнің күліп тұрды ішінен күн.
Бұл жайды мен түсіндім, сен де түсін,
Тарылып бара жатыр кеуде тұсым.
Ұйқымды бұзбас едім дәл осындай
Тәтті түс, тәтті сезім шәрбат үшін.
Жайнаған жұлдызды аспан, ай да лебі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың тастап, қалқам, қайда мені? (2х)
Елесің, ерке күнің келді қайтып,
Кетпесең жарар еді-ау сен мұңайтып.
Нүктесі қойылмаған жырларыма
Бүкпесіз бар сырымды бердім айтып.
Кешегі көктем ғұмыр — көңілді ырғақ,
Келмеске кетпеппеді-ау, қолын былғап.
Бақыттың бесігіне бөлеп бүгін,
Ербейді жүрегімді көңілді ырғақ.
Жайнаған жұлдызды аспан, ай да лебі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың тастап, қалқам, қайда мені? (2х)
Беймаза бұл хәлiмдi түсінер кім?
Жаныма жақұп, нұрлы сәуле шашып,
Көзіңнің күліп тұрды ішінен күн.
Бұл жайды мен түсіндім, сен де түсін,
Тарылып бара жатыр кеуде тұсым.
Ұйқымды бұзбас едім дәл осындай
Тәтті түс, тәтті сезім шәрбат үшін.
Жайнаған жұлдызды аспан, ай да лебі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың тастап, қалқам, қайда мені? (2х)
Елесің, ерке күнің келді қайтып,
Кетпесең жарар еді-ау сен мұңайтып.
Нүктесі қойылмаған жырларыма
Бүкпесіз бар сырымды бердім айтып.
Кешегі көктем ғұмыр — көңілді ырғақ,
Келмеске кетпеппеді-ау, қолын былғап.
Бақыттың бесігіне бөлеп бүгін,
Ербейді жүрегімді көңілді ырғақ.
Жайнаған жұлдызды аспан, ай да лебі,
Еседі мамыр айдың майда лебі.
Қағысын жүрегімнің жиілетіп,
Барасың тастап, қалқам, қайда мені? (2х)








Комментарии