layout
Айлы жаз кешінде - Ұлықпан Жолдасов
Трек

Айлы жаз кешінде

Текст песни 
Текст песни: Айлы жаз кешінде, біз бардық бақшаға.

Естелік жазыпсың, оюлап тастарға.

Сол кеште білегің, оралып мойныма,

Дедің ғой қимаймын, қимаймын басқаға.



Қимаймын дедің де, қиыла қарадың.

Елжіреп жүрегім, жас толып жанарым.

Еске алсам сол шақты, от болып жанамын,

Қайдасың бұл күнде, қайдасың қарағым.



Аңсатып өзіңді, жылдардың өткені.

Жұп жазбай барады, құстар-да көктегі.

Қияға шарлайды, қиялдың ескегі,

Сырыңды ертерек, сезбесем кеш мені.



Сол кеште білегің, оралып мойныма,

Дедің ғой қимаймын, қимаймын басқаға.
Слушать
Скачать mp3
34

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover