layout
Бекболат Тілеухан - Елім менің
Слушать
403
Трек
Исполнители:
Бекболат Тілеухан
Текст песни 
Текст песни: Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің!

Қазақстаным – жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім,

Бостандық еді-ау асыл арманың.



Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың-ей,

Берік болсын-оу босағаң!



Бабамның қаны, анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке-бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің!



Қайырмасы:

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін!

Берекең мен бірлігің-ей,

Таси берсін-оу өрісің!

Комментарии

Базар жоқ 20.04.2023 08:48
Базар жоқ
Нурстафа хазез 20.07.1991 22.09.2021 08:53
Жаксы
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover