layout
Көкшенің кештері - Мадияр Оспанов
Трек

Мадияр Оспанов - Көкшенің кештері

Текст песни 
Текст песни: КӨКШЕНІҢ КЕШТЕРІ



Сөзі: Сайлаухан Жартыбаев

Әні: Мадияр Оспанов



Барамын шақырса көлдері,

Көзіндей тұнығын көргелі.

Қызығам тауларға түр-түрлі,

Тыңдаймын толқыннан күлкіңді.



Қ/СЫ:



Әніңдей болса да самалдың ескені,

Бір сенсіз қызықсыз, Көкшенің кештері.



Оқжетпес күзетсе түн қатып,

Жұмбақтас сыр айтқан тіл қатып.

Мені аяп қызарса күн батпай,

Ақ қайың тұратын үн қатпай.



Қ/СЫ:



Жаңылсам жазықсыз едім ғой, кеш мені,

Бір сенсіз қызықсыз, Көкшенің кештері.



Барамын шақырса көлдері,

Көзіндей тұнығын көргелі.

Қызығам бауларға сан түрлі,

Қимаймын сенде өткен әр күнді.



Қ/СЫ:



Табиғат болса да, керемет кестелі,

Бір сенсіз қызықсыз, Көкшенің кештері.
Слушать
Скачать mp3
4

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover