layout
Трактор (жаңа нұсқа) - Мадияр Оспанов
Трек

Мадияр Оспанов - Трактор (жаңа нұсқа)

Текст песни 
Текст песни: Мен шаруаның адамы едім қарапайым,

Өзіме енді жұрт назарын қаратайын.

Тракторым — жол көлігім, жан серігім,

Әнге салып, жырға қосып таратайын.



Қ/СЫ:



Тракторым — қырманымда пана болған,

Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.

Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,

Шақырады мынау — қырат, анау — орман.



Алыс-жақын мекендерді таңдамаймын,

Ауыр-жеңіл міндеттерді талғамаймын.

Жаяу жүрсем, жалғыз қалсам, жабырқасам,

Көз салам да, қол созамын, армандаймын.



Қ/СЫ:



Тракторым — қырманымда пана болған,

Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.

Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,

Шақырады мынау — қырат, анау — орман.



Тракторшы болғаныма «тәубә» етемін,

Жақын тартам моторыңдай жан бөтенін.

Бар ма бақыт, жанға жақұт сенен асқан,

Сол үшін мен, сені жырлап мәңгі өтемін.



Қ/СЫ:



Тракторым — қырманымда пана болған,

Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.

Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,

Шақырады мынау — қырат, анау — орман.
Слушать
Скачать mp3
11

Комментарии

Комментариев пока нет
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover