layout
Ауылым - Жұбаныш Жексенұлы
Трек

Жұбаныш Жексенұлы - Ауылым

Текст песни 
Текст песни: Ауылда өстім, шаңына аунап еркелеп,
Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек.
Асығып алда бақытым күтіп тұрғандай,
Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп
Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы
Жолдарын жауған нөсерлі жылы жауыны.
Бәрі де-ғажап, Сағынған кезде бірақ та,
Аңсадым ауыл, іздедім сені ауылым.

Қайырмасы:
Ауылым, аңсадым аппақ таңынды,
Тұнық кешіңді,алма бағыңды.
Өзіңе барып қуып сағымды,
Іздеймін бала, балғын шағымды.

Қайырмасы:

Достармен бірге саялап саябақтарын,
Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды.
Жадырап, жайнап өтсе де жарқын күндерім,
Ауылды аңсап жаныма сая таппадым.
Қайырмасы:

Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа,
Өзіңді іздеп кеттім ауылдан жыраққа.
Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне,
Ауылға туған жетпейді екен бірақ та.
Слушать
Скачать mp3
533

Комментарии

Гульмира 14.12.2022 21:24
Хорошая песня.
Мейрамгүль 18.06.2021 23:22
Мне нравится
Player
×
Song coverSong cover

Song coverSong cover

Текущий плейлист
Song cover